«Өнерлі жас –өңір мақтанышы» атты талантты балалардың қалалық слеті өтті

«Өнерлі жас –өңір мақтанышы» атты талантты балалардың қалалық слеті өтті

Шығармашыл жастарды белсенді демалысқа тарту, денсаулықты нығайтуды жан-жақты насихаттау, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 2022 жылдың 13 мамыр күні «Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК ұйымдастырумен Балалар жылы аясында «Өнерлі жас –өңір мақтанышы» атты талантты балалардың қалалық слеті өтті.
4 номинациядан тұратын слетке қала мектептерінен 9 команда бақ сынасты:
1 номинация -«Өзіңді таныт» -таныстыру байқауы
2 номинация - «Туған өлкемді жырлаймын» ән байқауы
3 номинация -«Биле, Биле!» би байқауы. Бұл кезеңде топтар би техникасын, ырғақ үлгісін меңгеру деңгейі, орындалатын би нөміріндегі көркем бейнені бейнелеу, қойылым сапасы, өзіндік шығармашылық көрнекі әсерлері бойынша сайысқа түсті.
4 номинация - «Мен өлеңмен сөйлеймін!» әдеби-музыкалық шығарма, поэма және театрландырылған қойылым байқауы.
Слет қорытындысы бойынша:
1 орын – КАМИ
2 орын – ЖББ №8 мектебі
2 орын – Ә. Бөкейханова атындағы № 15 мектеп-лицейі
3 орын – Абай атындағы №2 мектеп- лицейі
3 орын – М.Русаков атындағы мектеп-интернаты
ЖББ №1, № 5, № 25 мектептері мен № 24 мектеп-интернаты белсене қатысқаны үшін Алғыс хатпен марапатталды.
1-ші орынға ие болған команда Бектау-Ата шатқалында орналасқан «Факел» лагерінде маусым айында өтетін облыстық слетке қатысады.