"Жас құтқарушы" үйірмелері арасында қалалық олимпиаданы өткізу туралы ақпарат.

"Жас құтқарушы" үйірмелері арасында қалалық олимпиаданы өткізу туралы ақпарат.

Іс-шаралар жоспарына сәйкес 2022 жылғы 27 сәуірде қаламыздың жалпы білім беретін мектептерінің "Жас құтқарушы" жасақтары арасында жыл сайынғы жарысы өтті, жарыстың ұйымдастырушылары "ҚР ТЖМ Қарағанды облысы ТЖ департаментінің Балқаш қаласының ТЖ Басқармасы" болып табылады. Жарысқа 14-16 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар қатысты. Мұндай іс-шаралардың негізгі мақсаты өскелең ұрпақтың бойында төтенше жағдайларда дұрыс жүріс-тұрыс дағдыларын тәрбиелеу, сондай-ақ жалпы білім беретін мектеп оқушыларын "Өрт сөндіруші" және "Құтқарушы" мамандықтарына кәсіптік бағдарлау болып табылады.

Олимпиада қорытындысы бойынша:

Номинацияда:

«Үздік визит карточкасы» - №17 мектеп-лицейі;

«Алғашқы медициналық көмек көрсету» - С.Сейфуллин атындағы №7 мектеп-гимназиясы;

«Жауынгерлік қанат жаю» – - ЖББ №25 мектебі;

«Жеңіске деген жігері үшін» - ЖББ №25 мектебі;

«Табиғи орта жағдайындағы іздестіру-құтқару жұмыстары» – - №5 ЖББМ; «Үздік қабырға газеті» - №1 ЖББМ;

«Судағы құтқару жұмыстары» - ШИММС.

1 орын- М.Русаков атындағы мектеп-интернаты;

2 орын - Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі;

3 орын –ЖББ №10 мектебі.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлерін құттықтаймыз! Жеңімпаз командаға Балқаш қаласын облыстық жарыстарда топ жаруын тілейміз!