
Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге және Отан алдындағы борыш пен жауапкершілік сезімін тәрбиелеу мақсатында, қала мектептерінің 7-8 сынып оқушыларыарасында 2022 жылдың 25 сәуірі күні «Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК және жалпы білім беретін №8 мектебінің ұйымдастыруымен «Балқаш қаласының 85 жылдығына, Ұлы Жеңістің 77 жылдығына, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына» арналған "АЛАУ" қалалық әскери – спорттық ойыны өткізілді. Сайыстың бағдарламасына сәйкес, қатысушы командалар «АК, АКМ қаруын толық емес шашып, қайта жинау», «Пневматикалық қарудан оқ ату», «Оқжатарды оқтау», «Химиялық қарудан қорғану», «Спорттық гимнастика» әскери – спорт түрлерінен жарысты.
Сайыстың қорытындысы бойынша:
1 орын –Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп – лицейі;
2 орын – №17 мектеп – лицейі;
3 орын - ЖББ №8 мектебі;
3 орын – ЖББ №25 мектебі.