Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге және Отан алдындағы борыш пен жауапкершілік сезімін тәрбиелеу мақсатында, қала мектептерінің 9-11 сынып оқушылары арасында 2022 жылдың 12 сәуір күні «Ағыбай батыр атындағы оқушылар сарайы» КМҚК ұйымдастыруымен «Балқаш қаласының 85 жылдығына, Ұлы Жеңістің 77 жылдығына, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің 30 жылдығына» арналған "ҰЛАН" қалалық әскери – спорттық ойыны өткізілді. Сайыстың бағдарламасына сәйкес, қатысушы командалар «АК,АКМ қаруын толық емес шашып, қайта жинау», «Пневматикалық қарудан оқ ату», «Оқжатарды оқтау», «Химиялық қарудан қорғану», «Спорттық гимнастика» әскери – спорт түрлерінен жарысты.
Сайыстың қорытындысы бойынша:
1 орын – Жбб № 8 мектебіі;
2 орын – №17 мектеп – лицейі;
2 орын - Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп – лицейі;
3 орын – ЖББ №5 мектебі.