
Наурыз айының басында «Өрлеу» білім беруді және мәдениетті дамыту қоры» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен «2022- тәлімгерлер арасында бірінші» атты 2021-2022 оқу жылының қорытындысы бойынша ІІ Республикалық тәлімгерлер онлайн байқауы өтті. Байқауға қатысу екі кезең бойынша ұйымдастырылды. Бірінші кезең – қалалық, екінші кезең – республикалық. Байқау барысында «Жас Қыран» және «Жас Ұлан» балалар қоғамдық ұйымының қызметін дамыту және «Адал ұрпақ» клубының жұмысы номинацияларын біріктіріп «Аралас номинация» бойынша тәлімгер туралы мәлімет, марапаттар, жетістіктер және іс-шараларға қатысу суреттерінен 40 беттік презентация ұсынылды.