1. Балқаш қаласы бойынша МЭГ қызметі туралы (ведомствоаралық эксперттік топ)

1.	Балқаш қаласы бойынша МЭГ қызметі туралы (ведомствоаралық эксперттік топ)

Мектепте дұрыс және теңгерімді тамақтану қазақстандықтардың өскелең ұрпағының денсаулығын сақтау және нығайтудың негізгі шарттарының бірі болып табылады, ал ұлт денсаулығы – мемлекеттің басты басымдылығы.

Тамақтандыруды ұйымдастыру ҚР БҒМ министрінің 31.10.2018 жылғы №598 бұйрығымен бекітілген қағида негізінде жүзеге асырылады.

Оқушылардың тамақтануын дұрыс ұйымдастыру бойынша бақылау жүргізу мақсатында Балқаш қаласының білім бөлімінің 14.09.2021 жылғы № 188 бұйрығымен жаңа құрамда 9 адамнан тұратын ведомствоаралық сараптау тобы (бұдан әрі-МЭГ) құрылды. МЭГ құрамына: Балқаш қаласының қоғамдық кеңесінің төрағасы, мектептердің қамқоршылық Кеңестерінің төрағалары, кәсіпкерлік бөлімінің бас маманы, медициналық және әлеуметтік қызметкерлер, білім бөлімінің өкілі және балалар мәслихатының мүшесі кірді.Сондай-ақ, МЭГ-нің 2021-2022 оқу жылына арналған жұмыс жоспары бар.

МЭГ қызметі: тамақтану сапасына мониторинг жүргізу жөніндегі комиссиялардың қызметіне жүйелі мониторингті жүзеге асыру және оқушылардың тамақтануын тиімді ұйымдастыру жөнінде шаралар қабылдау болып табылады.

Балқаш қаласында 17 мектеп жұмыс істейді, оның ішінде 3-і интернаттық мекемелер.

Штаттық оқу режиміне көшуге байланысты 2021 жылдың қыркүйегінен бастап МЭГ 17 мектеп асханасының қызметіне тексеру ұйымдастырды.

Оқу жылының басынан бастап асханада 4810 оқушы көлемінде 1-4 сыныптар тегін тамақтандырылады және жалпы оқыту қорынан халықтың әлеуметтік қорғалмаған топтарынан 458 оқушы ата-аналарының өтініші және қажетті құжаттар пакеті негізінде және 29 бала жалға алушылар есебінен тамақтандырылады.

Барлық жеке кәсіпкерлер өз қызметін коммуналдық мүлікті мүліктік жалдау (жалға алу) шарттарына  сәйкес әрбір білім беру ұйымымен ұйымдастырады.

* Бақылау жүргізу кезінде МЭГ ерекше назар аударатын мәселелері:

* санитариялық қағидаларды сақтау мен санитариялық-эпидемияға қарсы (профилактикалық) іс-шаралардың орындалуы;

* білім беру ұйымының басшысы бекіткен кесте мен мәзірге сәйкес тағам ұсынылуы;

* сертификаттардың, санитарлық-эпидемиологиялық қорытындылардың болуын бақылау (санитарлық кітапшалар).

* әр түрлі буфеттік өнімдер.

* залдардың безендірілуі.

* ата-аналар қауымдастығымен байланыс.

  • тағамдарды уақытында беру.

Қорытынды:

  1. Барлық мектеп асханасы мен ас блогында бейнебақылау камералары орнатылған. Жалға алушылар электрмен жабдықтау, суды тұтыну, үй-жайды жалға алу үшін төлем жүргізеді, ас блогына косметикалық жөндеу жүргізеді.
  2. Мектеп асханасында санитарлық - гигиеналық нормалар мен тәртіптің орындалуын мұғалімдер мен мектеп әкімшілігі қадағалайды (мектеп директоры бекіткен кезекшілік кестесі бар). Кварцтау, желдету, ылғалды жинау кестесі бар. Мектеп асханасының санитарлық жағдайы санитарлық нормаларға сәйкес келеді.
  3. Барлық асханаларда (ас блоктарында) бейнекамералар, кварц шамдары, рециркуляторлар орнатылған, ас блогының қызметкерлері 3 данада ауыстырмалы маскалармен, қолғаптармен, ауыстырмалы арнайы киіммен қамтамасыз етілген.
  4. Барлық асханалар қажетті ыдыстармен, құрал-жабдықтармен қамтамасыз етілген.
  5. Барлық әлеуметтік педагогтар стандартқа сәйкес жұмыс істейді және нормативтік-құқықтық құжаттамалары бар. Тамақтандыруды ұйымдастыру, мектепте ауыз су режимін ұйымдастыру, 1-ден 4-сыныпқа дейін тамақтануды ұйымдастыру, бракераж комиссиясының құрамын бекіту туралы бұйрықтар шығарылды.
  6. Сондай-ақ ыстық тамақты ұйымдастыру бойынша бекітілген жоспарға сәйкес жұмыс жүргізіледі, тамақтану мәдениетіне тарту бойынша іс-шаралар жүргізіледі.