кәсіптік бағдар беру жұмысы

кәсіптік бағдар беру жұмысы

Балқаш қаласының жалпы білім беретін мектептері біздің қаламыздың ТжКБ барлық ұйымдарымен кәсіби бағдар және жұмысқа орналасу мәселелері бойынша өзара іс-қимыл және ынтымақтастық жөніндегі меморандумдарға қол қойды.
2021-2022 оқу жылының көктемгі каникул кезеңінде 9-11 сынып аралығындағы 499 оқушы ұсынылған кестеге сәйкес келесі колледждердің кәсіби сынақтарына қатысты. Сонымен қатар, ағымдағы жылдың 29-30 наурызында "оқушылар сарайы" КМҚК базасында Балқаш қаласының 5 колледжінің қатысуымен Мамандықтар жәрмеңкесі өтті. Болашақ түлектерге буклеттер мен парақшалар ұсынылды, әр адам өзіне қызықты сұрақ қоя алды. Аталған іс-шараға 548 бітіруші сынып оқушылары қатысты.