«Біз іздеген таланттар» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер байқауы

«Біз іздеген таланттар» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер байқауы

Көктем айының каникулында Алматы қаласында «Біз іздеген таланттар» Халықаралық балалар мен жасөспірімдер байқауында Балқаш қаласы Балалар өнер мектебінің театр бөлімі оқушылары С. Мұратбековтың «Жусан иісі» мен Б.Соқпақбавтың «Менің атым Қожа» қойылымын көрерменге ұсынды. 15 бәсеке топпен бақ сынасып қос бірдей Бас жүлдені қанжығасына байлады. Қойылымдарға қатысқан оқушылар Аханова Айым, Айдынқызы Аяжан (№5 ОМ), Амантай Айбек (№15 МЛ), Кумарбекова Наргиз (№2 МЛ), Болатова Айлан (№24 МИ), Қуандық Нариман (№7 МГ), Сейтимбетова Ильназ (№2 МИ), Асет Ділназ (№8 ОМ), Сайлаухан Мадияр (№16 ОМ) жеңістерің құтты болсын! Театр бөлімінің ұстаздары Айдос Сұнқар мен Жангазиев Жанбатыр Жангазыулына зор алғысымызды білдіреміз!