14 наурыз - Көрісу мейрамы

14 наурыз - Көрісу мейрамы

14 наурыз - Көрісу мейрамы. Көрісу күнінде халық қыстан аман-есен шыққанына қуанып, бір-бірімен қол алысады. Бүгін – ежелден келе жатқан төл мерекеміз, халықты береке-бірлікке, татулыққа бастайтын көрісу күні қала мектептерінде аталып өтті. Мектеп оқушылары қазақтың ұлттық киімдерін киіп сәлемдесу түрлерін көрсетті. Салт-дәстүрді нақыштау, үлгі-өнеге көрсету мақсатында көріністер көрсетілді. Баршаңызды  мерейлі мейрам – Көрісу күнімен құттықтаймыз! Бейбіт және бақытты өмір, жақындарыңыздың аман-саулығын, әрбір оң бастамаларыңызда тек сәттілік пен жетістіктер тілейміз!