
24.02.2022 күні Балқаш қаласы білім бөлімінің «№16 жалпы білім беретін мектебі» КММ-нде «Әл-Фараби – әлемнің екінші ұстазы» атты оқушылар мен студенттер арасындағы аймақтық пікірсайыс турнирі ұйымдастырылды. Пікірсайыс турниріне Балқаш қаласынан, Ақтоғай ауданынан, облыстық мамандандырылған мектептерден жалпы 19 команда қатысты.
Қыңыр тартыста "Қазақмыс" политехникалық колледжінің "Жұлдыз" командасы жеңіске жетіп, чемпион атанды.
І орынды "Зияткер" мамандандырылған мектеп-интернатының "Зияткер" командасы,
ІІ орынды Абай атындағы лицейдің "Сана" командасы,
ІІІ орынды Ыбырай Алтынсарин атындағы жалпы білім беретін
№25 мектеп командасы "Болашақ" жеңіп алды.
«Үздік спикер» №9 орта мектебінің оқушысы Өмірғазы Аяулым атанды.