Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ (әрі қарай- білім бөлімі) 2022 жылғы 17 қаңтар – 4 ақпан аралығында жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарда 40 орынға мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша байқау өтетінін хабарлайды.
Байқауға қатысуға арналған өтініштер, конверттерге салынған күйде потенциалды жеткізушілерге немесе олардың мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушы уәкілетті өкілдеріне мына мекенжай бойынша қолма-қол беріледі: Балқаш қ., Уалиханов көшесі, 5 үй , 6 каб., 2022 жылғы 4 ақпан сағат 13.00-ге дейін.
Байқауға қатысуға арналған өтінімдер салынған конверттер 2022 жылдың 4 ақпан сағат 15.00-де Балқаш қ., Уалиханов көшесі, 5 үй , 6 каб. мекенжайы бойынша ашылатын болады.
Қосымша ақпаратты келесі телефон нөмері бойынша алуға болады: 8 (71036) 46287