Білім алушылардың хореографиялық, шығармашылық қабілеттерін дамыту, қазақ халқының ұлттық мәдени құндылықтарын насихаттау мақсатында "Сарыарқа дарыны" балаларға арналған қосымша білім беру өңірлік ғылыми-практикалық орталығы және Саран қаласының "Балалар өнер мектебі" КМҚК-мен бірлесіп Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Биші қайың" қазақ халық биінің облыстық хореографиялық онлайн конкурс-фестивалін ұйымдастырды. Байқауға қатысушылар 10-12 және 13-15 жас аралығындағы жас санаттарына бөлінді. Байқауға Жаңаарқа, Бұқар жырау, Абай, Қарқаралы, Шет аудандарынан; Абай, Балқаш, Саран, Теміртау, Қарағанды, Сәтбаев қалаларынан, Топар кентінен, Дубовка, Доскей, Ақсу-Аюлы ауылдарынан 27 қосымша білім беру мекемелерінің ұжымдары қатысты. Балқаш қаласының "Оқушылар сарайы" КМҚК-ның "Томирис", "Аяла" екі би ұжымы облыстық байқауға қатысты. Конкурс қорытындысы бойынша:
13-15 жас санатында:
I орын - "Томирис" би ансамблі
II орын:
* "Аяла" би ұжымы ("Рухани жаңғыру" композициясы)
* "Аяла" би ұжымы ("Ерке сылқым" биі).