Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің "Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы" РМҚК 2021 жыдың 12 қарашадан 13 желтоқсан аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай мектеп парламенттері мүшелері арасында "Ең үздік репортаж" байқауын қашықтықтан ұйымдастырды. Байқаудың мақсаты - мектеп Парламенттерінің қызметін насихаттау, мектеп қызметінде өзін-өзі басқару ұйымының рөлін арттыру, дарынды жастарды қолдау. Байқауға Қазақстанның түкпір-түкпірінен 1000 оқушы қатысып, 150 жеңімпаз анықталды олардың арасында Балқаш қаласының мектептерінің оқушылары да бар. Мектеп Парламенттерінің президенттері қазылар алқасына оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының қызметін көрсететін бейнероликтерді ұсынды. Біздің балаларымыздың жұмыстары лайықты марапаттарға ие болды:
1 орын –Жасұланов Аманат (М.Русаков атындағы мектеп-интернат);
3 орын - Рашитова Рашида (№ 6 ЖББМ);
3 орын - Мұрат Сұлтан (№ 5 ЖББМ);
3 орын - Төлеухан Алуа (№ 15 М/Л);
Қатысқаны үшін сертификат – Мустафин Константин (№ 17 М/Л).