Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерекесіне орай 2021 жылдың 13 желтоқсаны күні Оқушылар сарайында «Жас Ұлан» ББмЖҰ мүшелері арасында «Ұланымыз – Ұлы елдің» ту ұстаушылар байқауы өтті. Байқаудың негізгі мақсаты - өскелең жас ұрпақтың бойында патриоттық, білім мен өзін-өзі жетілдіруге деген құштарлық, беріктік, Отан тарихына, Тәуелсіз Қазақстанның бүгіні мен болашағына деген жауапкершілікті қалыптастыру.
Байқауға қала мектептерінің 16 ту ұстаушылар тобы қатысты. Әділқазылар топтардың бағдарламаны дұрыс орындауын бағалады. Элементтерді нақты орындау. Туды дұрыс әкелу, тағзым ету, әкету, кезек ауыстыру. Топтардың сыртқы пішіні: ұқыптылық, форманың бірегейлігі және ту ұстаушылар формаларының дұрыс пайдаланылуы, сонымен бірге, тиісті бұйрықты бере білуі.
Байқау қорытындысы бойынша:
I орын- № 17 М/Л, № 15М/Л
II орын- № 5,8,10 ЖББМ
III орын - № 7М/Г,1,9, 25 ЖББМ, М.Русаков атындығы мектеп-интернаты.