қалалық Мектеп парламентінің президенттері мен мектеп асханаларын жалға алушылардың он-лайн отырысы өтті.

қалалық Мектеп парламентінің президенттері мен мектеп асханаларын жалға алушылардың он-лайн отырысы өтті.

2021 жылдың 10 желтоқсанында Оқушылар сарайында қалалық Мектеп парламентінің президенттері мен мектеп асханаларын жалға алушылардың он-лайн отырысы өтті.
Қатысушылар 2021 жылдың 22-26 қарашасы аралығында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған іс-шаралар аясында ұйымдастырылған «Біздің мектептің асханасы!» акциясының нәтижелері туралы әңгімелесті. Мектеп парламенттерінің депутаттары мен президенттері қала мектептерінің барлық оқушылар қауымы атынан мектеп асханаларын жалға алушыларға алғыстарын білдіріп, өздерін толғандырған сұрақтарға жауап алды.
Және де мектеп асханаларының қызметі бойынша ұсыныстарын айтты, атап айтқанда: буфет өнімдерінің ассортиментін кеңейту, ыстық және салқын сусындардың таңдауын көбейту, тоқсанына бір рет дұрыс тамақтану дағдыларын қалыптастыруға арналған акцияларды өткізу.
Мұндай кездесулерді жыл бойы өткізу жоспарлануда.