2021 жылдың 24-26 қарашасында КМҚК «Оқушылар сарайында» Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеуге арналған қала мектептерінің оқушылары арасында "Бес Асық" ұлттық ойыны бойынша қалалық жарыстар өткізілді.
Жарыстың мақсаты балалар мен жасөмпірімдер арасында ұлттық спорт түрлерін насихаттау және одан әрі дамыту, сондай-ақ мектеп жасындағы оқушыларды спортқа және салауатты өмір салтына баулу.
Қазіргі уақытта асық ойындарының оннан астам түрі бар.
"Бес Асық" жарысына «Мектеп лигасы» бағдарламасы аясында жалпы білім беретін мектептердің, лицейлер мен гимназиялардың бекітілген үш жас тобы бойынша 5-6 сынып, 7-8 сынып, 9-11 сынып оқушылары қатысты:
Жарыс қорытындысы бойынша:
I-топ (5-6 сынып)
I орын - Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі.
II орын – ЖББ № 16 мектебі
III орын - Абай атындағы № 2 мектеп-лицейі
«Алтын сақа» номинациясы - Амантаева Айым (Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі)
II-топ (7-8 сынып)
I орын - Абай атындағы № 2 мектеп-лицейі
II орын -. Ә.Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі
III орын - ЖББ № 8 мектебі
«Алтын сақа» номинациясы - Мақсұт Ажар (Абай атындағы № 2 мектеп-лицейі)
III-топ (9-11 сынып)
I орын - Абай атындағы № 2 мектеп-лицейі
II орын - ЖББ № 8 мектебі
III орын - Бохейханова Ә. Бөкейханов атындағы №15 мектеп-лицейі.
«Алтын сақа» номинациясы - Ермағанбетова Саяжан ЖББ №6 мектебі
Жеңімпаз командалар дипломдармен марапатталды.