«Біздің мектептің асханасы!» акциясы

«Біздің мектептің асханасы!» акциясы

2021 жылдың 22-26 қарашасы аралығында қала мектептерінде «Біздің мектептің асханасы!» акциясы өткізілді. Мектеп парламентінің депутаттары қамқоршылық кеңесінің төрағасы, әлеуметтік педагогтің және аға тәлімгердің жетекшілігімен мектеп асханасының жағдайын тексеріп шықты.
Сондай-ақ акция аясында «Қамқорлық» фракциясының депутаттары: «Тамақтану кезінде оқушылардың өзін-өзі ұстау мәдениеті, санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтау»,«Мектеп оқушыларының ұтымды тамақтануы»,«Асханадағы өзін ұстау мәдениеті» туралы тәрбиелік әңгімелер,
«Сізге мектеп асханасы ұнай ма?» оқушылармен сауалнама, «Мектеп оқушыларының дұрыс тамақтану ережелері», «Дұрыс тамақтану» туралы презентациялар көрсету сияқты іс шараларды ұйымдастырды.
Акция барысында келесі мәселелер қарастырылады:
1. Тамақтанумен қамту;
2. Санитарлық нормалар мен ережелерді сақтау;
3. Еңбек гигиенасы;
4. Дайын өнімнің сапасы;
5. Асханадағы ас мәзірімен танысу және ондағы тағамдардың салмағы мен калориясын өлшеп көру.
6. Калькуляциялық және брокераждық журналдың болуын тексеру;
7. Асханадағы тамақ даярлау орындарын және шикізат сақтау қоймаларын көру және ондағы өнімдердің пайдаланудағы уақыт мерзімін тексеру;
8. Асханадағы тамақтану орындары мен ыдыс-аяқтардың жеткіліктілігін анықтау;
9. Асхана тазалығы мен пайдаланылған ыдыстардың жуу орындарын және дезинфекциялық құралдардың болуын тексеру;
Акция қорытындысы юойынша комиссия келесідей тұжырымдама жасады: асхананың жұмыс істеу кестесі мен ас мәзірі және құзыретті мекемелерімен бекітілген 4 апталық ас мәзірі бар. Мектептердің мед.бикелері асханадағы дайын және шикі тағамдарды алдын-ала бақылап, олардың санитарлық нормаларға сейкес екендігін журналға толтыру және оларды тұтынуға рұқсаттама береді. Оқушылардың тамақтанатын орындары мен әр бір балаға берілетін ыдыс түрлері жеткілікті. Оқушыларға берілетін барлық тағам түрлері алдын-ала мед.биекелердің қадағалауынан өтіп барып беріледі. Мектептердің асханасында жұмыс жасайтын жұмысшылардың барлығында санитарлық кітапшалары бар. Жалпы мектеп асханаларында тамақтанудың гигенасы мен санитарлық нормалары сақталған және оқушылардың дұрыс тамақтануына барлық жағдайлар жасалған.
Қалалық Мектеп парламенті мүшелері мен мектеп асханаларын жалға алушылардың бірлескен отырысында 09.12.2021ж. акцияның өткізілуі бойынша басты сұрақтар талқыланады.