«Балқаш қаласының білім
бөлімі» ММ басшысының
_______2021 жылғы
№ ______ бұйрығымен
БЕКІТІЛДІ
Жеке меншік білім беру ұйымдарында мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша
КОНКУРСТЫҚ ҚҰЖАТТАМА
Конкурсты ұйымдастырушы: Қарағанды облысы білім басқармасының «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ 100300, Балқаш қаласы, Уалиханов көшесі 5 үй, тел. 46287, БCН 150440011237, БСК KKMFKZ2A, ЖСК KZ710705022612361001, «ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті» ММ, ММ коды 2612361.
Конкурстық комиссия хатшысы – М.С. Бегетаева – «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ есепшісі, 100300, Балқаш қаласы, Уалиханов көшесі 5 үй, каб.6, тел.46287.
Жалпы ережесі
Конкурс «Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 29 қаңтардағы № 122 «Еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі, жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға, жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының дайындық бөлімдеріне, сондай-ақ мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға, орта білім беруге және қосымша білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына сәйкес мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту бойынша қызметтерді жеткізушіні таңдау мақсатында өткізіледі.
Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беруге мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша орындарды анықтау
2021 жылғы 11 қазаннан 1 қараша дейін «Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ бір балаға 37847 тг.болатын жеке бас қаржыландыру арқылы мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша енгізілген жаңа 270 орынның жұмыс істеуін қамтамасыз етеді.
Нақты мектепке дейінгі мекемеде мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастырудың негізгі факторы қала аудандарында тұрғындардың жоғары сұранысы болып табылады.
Балалар контингентін толықтыру мектепке дейінгі ұйымдарға кезекті қалыптастыру, жұмыс жасау және мектепке дейінгі ұйымдарға жолдамаларды берудің автоматтандырылған жүйесі арқылы жүзеге асырылады.
Конкурсқа қатысушыларға қойылатын талаптар
Конкурсқа қатысуға өз қызметінің басталғаны туралы білім беру саласындағы уәкілетті органды хабардар еткен және мемлекеттік білім беру тапсырысын алуға өтінім берген мектепке дейінгі ұйымдар жіберіледі.
Конкурсқа қатысу үшін жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдар мынадай құжаттарды:
1) осы Қағидаларға 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша комиссия төрағасының атына жазылған өтінішті;
2) заңды тұлғаны немесе дара кәсіпкерді мемлекеттік тіркеу (қайта тіркеу) туралы анықтаманы немесе куәліктің көшірмесін, мектепке дейінгі ұйымдардың жарғысын, құжаттарды тапсырғанға дейін бір ай мерзімінен аспайтын банктен берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы және салық органынан берілетін берешегінің жоқ екені туралы анықтаманы;
3) мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту ұйымдары үшін қолданылатын жылжымайтын мүлікке құқықты белгілеуші құжаттардың көшірмесін (жекеменшік немесе жалға алу);
4) "Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы мемлекеттік қызметтер көрсетудің кейбір мәселелері туралы" Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2020 жылғы 30 желтоқсандағы № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығымен бекітілген санитариялық-эпидемиологиялық қорытындылар беру жөніндегі мемлекеттік қызметтер көрсету қағидаларына (бұдан әрі - № ҚР ДСМ-336/2020 бұйрығы) мектепке дейінгі ұйымның санитарлық-эпидемиологиялық талаптарға сәйкестігі туралы санитариялық-эпидемиологиялық қорытындының көшірмесін;
5) медициналық кабинетке лицензиясының болуы туралы көшірмесін немесе тіркелген жерін ескере отырып емханамен жасалған қызмет көрсету туралы шартты;
6) Заңға сәйкес тамақтандыруға жұмсалатын ата-аналар төлемақысының белгіленген мөлшерімен, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы жеткізушінің міндеттемесін ұсынады. Жеткізуші Қағидаларға 2-қосымшаға сәйкес нысан бойынша міндеттемелер нысанын толтырады;
7) педагогикалық немесе кәсіптік білімі бар тәрбиешілердің білімі туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарының көшірмелері.
Конкурстық өтінімге кіретін құжаттар тігіледі, нөмірленеді, мектепке дейінгі ұйымның құрылтайшысымен қол қояды, мөрімен расталады және конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген тәртіппен ұсынылады.
Ұсынылған өтінімдерді комиссия өз отырысында 5 (бес) жұмыс күні ішінде қарайды.
Комиссия отырысынан кейін келесі ақпараттармен:
1) олардан бас тарту себептерін егжей-тегжейлі сипаттай отырып, оның ішінде құжаттардың талаптарына сәйкес келмейтінін растайтын мәліметтер мен құжаттарды көрсете отырып, осы Қағидалардың талаптарына сәйкес келмейтін мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесі;
2) алдын ала қарау хаттамасына сәйкес мектепке дейінгі ұйымдармен ұсынылған түзетілген және толықтырылған құжаттарды қайта қарау мерзімі көрсетілген конкурсқа қатысудың алдын ала талқылау хаттамасы жарияланады.
Мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуына алдын ала рұқсат беру туралы конкурстық комиссияның шешімі қатысуға өтімдерді ашқан күннен бастап 3 (үш) жұмыс күні ішінде қабылданады және конкурстық комиссияның хатшысы конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру туралы шешім қабылданған күні барлық мектепке дейінгі ұйымдарды электронды пошта бойынша автоматты түрде хабардар ете отырып қала білім бөлімінің интернет-ресурстарында орналастырады.
Әлеуетті жеткізушілерге алдын ала рұқсат беру хаттамасы орналастырылған күннен бастап 5 (бес) күн ішінде алдын ала рұқсат беру хаттамасына сәйкес құжаттарды сәйкес келтіру құқығы беріледі.
Комиссия конкурсқа қатысуға алдын ала рұқсат беру хаттамасының тізбесінде көрсетілген мектепке дейінгі ұйымдардың конкурсқа қатысуға өтінімдерін оларды сәйкес келтірудің толықтығы тұрғысынан қайта қарайды.
Комиссия отырыс күнінен кейін 3 (үш) жұмыс күні ішінде орын санын көрсете отырып, мемлекеттік білім беру тапсырысы орналастырылатын мектепке дейінгі ұйымдардың тізбесіне енгізу туралы шешім шығарады.
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін орындардың барынша мүмкін саны көрсетіле отырып, комиссияның шешімі хаттама түрінде ресімделеді.
Комиссия мынадай:
Ашық дауыс беру жолымен комиссия мүшелері дауысының көпшілігімен шешім қабылданды деп есептеледі. Комиссия құрамының дауыстары тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының даусы шешуші болып табылады.
Хаттаманы хатшы ресімдейді, оған төраға және отырысқа қатысқан комиссияның барлық мүшелері қол қояды. Комиссия отырысы ай сайын өткізіледі, егер комиссия мүшелерінің жалпы санының жартысынан астамы отырысқа қатысса дұрыс деп есептеледі.
Мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқытуға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру туралы шешім Қарағанды қаласы білім бөлімінің https://www.gov.kz/memleket/entities/edu-balhash?lang=ru сайтында жарияланады.
«Балқаш қаласының білім бөлімі» ММ жылына бір рет мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру шартында көзделген міндеттемелердің орындалуы бойынша мектепке дейінгі ұйымдар қызметіне мониторинг жүргізеді және консультативтік көмек көрсетеді
Конкурсқа қатысуға өтінімді ұсыну тәртібі
Әлеуетті қызмет берушілер немесе олардың құзырлы өкілдері конкурсқа қатысуға өтінімді 2021 жылғы 1 қараша (қоса алғанда) сағат 13-00 дейін 100300, Балқаш қаласы, Уалиханов көшесі 5 үй, тел.47628, каб.2 мекен-жайы бойынша мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының қолына немесе тапсырысты пошта желісін қолдану арқылы ұсынады.
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді конкурстық комиссияның ашуы
Конкурсқа қатысуға өтінімдер салынған конверттерді ашуды конкурстық комиссия қатысып отырған барлық әлеуетті қызмет берушілердің немесе олардың уәкілетті өкілдерінің қатысуымен Балқаш қаласы, Уалиханов көшесі 5 үй, тел.46287, каб.6 мекен-жайы бойынша 2021 жылғы 1 қараша сағат 15-00 жүргізіледі.
Мемлекеттік сатып алуды ұйымдастырушының хабарландыруында (хабарламасында) және осы конкурстық құжаттамада белгіленген мерзімде және тәртіппен ұсынылған әлеуетті қызмет берушілердің өтінімдері салынған конверттер ашылуға жатады.
Егер конкурска (лот) бiр-ақ конкурсқа қатысу өтінімі түскен жағдайда бұл өтінім де ашылады.
(мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия төрағасы
Г.Ж. Агдарбековаға
Өтініш
Жаңа орындарға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру үшін мектепке дейінгі тәрбие және оқу бойынша жеткізушілер тізбесіне ___________________________________________________________
(мектепке дейінгі ұйымның атауы)
қосуды өтінемін.
Қосымша: конкурсқа қатысу үшін құжаттар _____ бетте.
Мектепке дейінгі ұйымның басшысы _________________________
(Т.А.Ә. (бар болғанда))
______________ М.О.
(қолы)
Толтырылған күні
(мектепке дейінгі ұйымның бланкінде толтырылады)
Мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру бойынша комиссия төрағасына
Г.Ж. Агдарбековаға
Осымен ___________________________________________________
(мектепке дейінгі ұйымның атауы)
атынан ________________________________________________________,
(лауазымы Т.А.Ә (бар болғанда))
«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес тамаққа кететін ата-аналардың төлемақы мөлшері белгіленген, тек қана республикалық маңызы бар қаланың, астананың білім басқармаларының, қалалардың (аудандардың) білім бөлімдерінің жолдамасымен мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша балаларды қабылдау туралы міндеттерді орындауға кепілдік береді.
Мектепке дейінгі ұйымның басшысы ______________________________ ______________
(Т.А.Ә. (бар болғанда) (қолы) М.О.
Толтырылған күні