
Бүгін, 2021 жылғы 1 шілдеде Балқаш қаласының әкімі О.К. Таурбековтың қатысуымен өткен аппараттық кеңесте ағымдағы жылы білім беру объектілеріне жүргізіліп жатқан жөндеу жұмыстары туралы есеп тыңдалды.
10 білім беру мекемесін жөндеуге 106934,4 мың теңге бөлінді:
- 7 мектеп – 80358,5 мың теңге
-3 балабақша - 26575,9 мың теңге
Өткізілген конкурстық рәсімдерге сәйкес шарттар 67496,72 мың теңге сомасына жасалды.
Барлық мекемелер жұмыс жүргізудің желілік кестелерін жасады, техникалық қадағалаумен шарттар жасалды.
Білім бөлімімен күнделікті жұмыстардың жүргізілуіне бақылау жүргізіледі.
30.06.2021 жылы 2 нысанда жөндеу жұмыстары аяқталды:
- Михаил Русаков атындағы санаторлық мектеп-интернаты (найзағайдан қорғау қондырғысы – 1008,0 мың теңге);
- көп балалы және аз қамтамасыз етілген отбасылардың балаларына арналған мектеп-интернаты (шатыр мен спорт залын жөндеу - 5077,54 мың теңге).
6 нысанда жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Көлемі 20-дан 50% - ға дейін орындалды.
2 объектіде жөндеу басталған жоқ:
- №1 ЖББМ-спорт залының шатырын жөндеу
Мердігер: "КазСтрой Group LTD" ЖШС Алматы қаласы
Техникалық ерекшелікті, ресурстық сметаны және ҚНжЕ бұза отырып, мердігер профлисттің қалыңдығын 0,7 мм (0,3 мм ұсынды) қоюдан бас тартты.
Шарт бұзылды, 24.06.2021 жылы қайта хабарландыру берілді.
- №15 мектеп-лицейі - шатырды жөндеу
Мердігер: "Берекет Групп" ЖШС, Түркістан обл.
Мердігерге Мемлекеттік сатып алу порталы арқылы жұмыстарды жүргізу мерзімдерінің орындалмауы туралы бірнеше рет хабарлама жіберілді.
24.06.2021 жылы шартты біржақты бұзу туралы хабарлама жолданды.
Білім басқармасының өкілі Балқаш қаласының жөнделіп жатқан нысандарын екі рет тексеріліп қаралды.
14.06.2021 жылы жөндеу жұмыстарын тексеру мақсатымен материалдық-техникалық даму бөлімінің бастығы С. Д. Багимов келді;
24.06.2021 жылы білім басқармасының басшысы Г.Ш.Қожахметова нысандарды аралады.
Білім беру объектілерін жөндеу бөлімнің тұрақты бақылауында.