
Ү.ж. 1 шілдеде Балқаш қаласы әкімдігі жанындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу жөніндегі комиссияның отырысында білім бөлімінің білім саласындағы діни экстремизм мен терроризмнің алдын алу бойынша профилактикалық жұмыстардың жағдайы туралы есебі тыңдалды.
Сонымен қатар білім беру мекемелерінде діни экстремизмнің алдын алу бойынша өткізіліп жатқан іс-шаралар туралы, кәмелетке толмағандармен толеранттылық пен төзімділікке тәрбиелеу жөніндегі жұмысы туралы мәселе бойынша ата-аналармен және педагогикалық жұртшылықпен жүргізіліп жатқан жұмыстары жөнінде есеп берілді. Сондай-ақ, әлеуметтік орталықты мониторингі бойынша мектептердің әлеуметтік желілері мен "ИНТЕГРО" бағдарламалары туралы ақпараты мен білім беру мекемелерінің терроризмге қарсы қорғалуы жөніндегі жұмысы ұсынылды.
Діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл мәселесі білім беру бөлімі мен мекемелерінің тұрақты бақылауында.