
30 маусымда Балқаш қаласы әкімдігі алдындағы қалалық комиссия отырысында білім беру бөлімінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселесі бойынша «Білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық қылмыстарының жолын кесу, сондай-ақ арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мінез-құлықты кәмелетке толмағандар мен жастарда қалыптастыру бойынша шаралар туралы» тақырыбындағы есебі тыңдалды.
Білім беру мекемелерінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, мемлекеттік қызметтерді көрсету сапасы, ата-аналар қауымдастығымен ақпараттық жұмыс саласында қабылданған шараларға толық талдау жасадым.
Сондай-ақ мектептегі ортада құқықтық білімді жетілдіру және сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру жұмыстары туралы, «Адал ұрпақ» ерікті клубының қызметі туралы ақпарат берілді.
Өскелең ұрпақтың бойында сыбайлас жемқорлық қылмыстарына қарсы тұрақты мінез-құлықты қалыптастыру бөлім мен білім беру мекемелерінің басты міндеттерінің бірі болып табылады.