
29 маусымда құқық бұзушылықтың алдын алу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның отырысында жастар, оның ішінде кәмелетке толмағандар арасында құқық бұзушылықтың алдын алу бойынша жұмыстарды ұйымдастыру туралы білім бөлімінің есебі тыңдалды.
Білім беру ұйымдарының ювеналды полиция тобымен және ата-аналар қауымдастығымен бірлесіп өткізген іс-шаралары туралы, қауіп-қатер тобындағы кәмелетке толмағандармен профилактикалық жұмыс туралы, оқушылар мен олардың ата-аналары арасында әлеуметтік желілерде жүргізілген ақпараттық жұмыстар, тарату туралы ақпарат беріліп, кітапшалар мен қағаздар тарартылды, демалыс уақытындағы құқық бұзушылықтардың алдын-алу, балалардың бос уақытын ұйымдастыру және қосымша біліммен қамту алгоритмі ұсынылған.
Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылық пен жасөспірімдер арасындағы құқық бұзушылықтың алдын-алу мәселесі бөлім мен оқу орындарының үнемі бақылауында.