«Қызығушылықпен оқу» тақырыбындағы жазғы мектеп

«Қызығушылықпен оқу» тақырыбындағы жазғы мектеп

Ағымдағы жылғы 26 мамырдан бастап Балқаш қаласының барлық жалпы білім беру ұйымдарында «Қызығушылықпен оқу» тақырыбындағы жазғы мектеп жұмысы басталады.
Мектеп оқушылары жазғы мектепті қызығушылыпен оқи отырып өткізеді. Жазғы мектепте оқушылар ағымдағы оқу жылында өткен оқу материалдарын қайталайды, күрделі тақырыптарды игерудегі олқылықтарды жоюға, негізгі пәндер бойынша білім тетіктерін толтыруға мүмкіндік алады.
Жазғы мектепте үй жұмысы жоқ, оқу үлгерімі бағаланбайды,еркін киіммен келуге болады.
Күніне 40 минуттық 3-4 сабақ өткізіледі және сыныптағы балалар саны 25-тен аспайды, сонымен қатар жеке консультациялар ұсынылады.
Оқушыларға жаттығулар, мобильді ойын: волейбол, футбол, баскетбол және т.б., психологиялық тренингтер, сыныптан тыс жұмыстарда шығырмашылықты жүзеге асыру бойынша жобалар, сонымен қатар оқу мәдениетін арттыру үшін күнделікті 20-30 минут кітап оқу ұсынылады.
Жазғы мектеп жұмысына сәттілік тілейміз!