
Жалпыреспубликалық ата-аналар жиналысын өткізудің
ТҰЖЫРЫМДАМАСЫ
Өтетін күні: 22 мамыр 2021 жыл (икемді кесте бойынша)
Өткізу уақыты: әр білім беру ұйымы өзі анықтайды
Тақырыбы: Оқу жылының қорытындысы туралы
Ата-аналар жиналысының мақсаты: ата-аналарды (балалардың заңды өкілдерін) 2020-2021 оқу жылының қорытындылары туралы хабардар ету
Өткізу форматы: әр аймақтағы эпидемиологиялық жағдайға байланысты: онлайн немесе дәстүрлі форматта - педконсилиум.
Қатысушылар: ата-аналар (балалардың заңды өкілдері), педагогтер.
Әрбір мектеп ата-аналар жиналысын өткізу кезінде оны өткізудің тиісті форматын айқындайды және ата-аналарды алдын ала хабардар етеді.
1 формат – дәстүрлі. Штаттық және аралас режимде оқитын мектептер үшін ұсынылады
Ағымдағы жылы ата-аналар жиналысын педконсилиум түрінде өткізуді ұсынылады.
Педконсилиумның ерекшелігі: әрбір ата-ана барлық педагогтермен кездесіп, өзінің баласы туралы толық ақпаратты, оның пәндер бойынша үлгерімін, сабаққа қатысуын, сондай-ақ жетістіктері туралы ақпарат ала алады.
Педконсилиумның өтетін орны: мектеп холы, сыныптар.
Педконсилиумды екі бөлімге бөліп өткізу ұсынылады.
1 бөлім - сынып жетекшінің баяндамасы (жалпы ұйымдастыру мәселелерін талқылау: 2020-2021 оқу жылының қорытындылары, оқу жылының соңындағы іс-шаралар (соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші), жазғы мектеп жұмысын ұйымдастыру, мектеп формасы мәселелері және т.б.).
2 бөлім - баланың үлгерімін толық талдауға мүмкіндік беретін ата-ана мен мұғалімнің жеке сөйлесуі.
Әр ұйымда өткізу уақыты әртүрлі болады. Сонымен қатар, сыйымдылықты асырмау және арақашықтықты сақтау мақсатында әр параллельге әр түрлі уақытты белгілеу қажет.
Ата-ана қажетті мұғалімді еш қиындықсыз таба алуы үшін әр мұғалімнің үстелінде оның аты-жөні мен пәні жазылуы керек. Ата-ана мұғалімге келіп, баласының осы пән бойынша үлгерімі, оның сабақтағы мінез-құлқы және т.б. туралы өз сұрақтарын қояды. Педагогтер ата-аналардың сұрақтарына өздерінің педагогикалық бақылауларына, оқушының қазіргі үлгерімі мен төртінші жиынтық бағалаудың нәтижелері бойынша жауап береді.
Педконсилиумды өткізуге қойылатын талаптар
2 формат – онлайн. Аралас және онлайн форматта оқитын мектептерге ұсынылады
Онлайн форматта ата-аналар жиналысын екі бөлімге бөліп өткізу ұсынылады:
1 бөлім – жалпы (сынып жетекшінің ата-анамен жалпы ұйымдастыру мәселелерін талқылауы: 2020-2021 оқу жылының қорытындысы, оқу жылының аяқталуы бойынша іс-шаралар (соңғы қоңырау, мектеп бітіру кеші) жазғы мектепті ұйымдастыру, келесі оқу жылына арналған мектеп формасы мәселелері және т.б.).
2 бөлім - ата-аналарды ZOOM платформасына кезек-кезек қосу арқылы педагогтермен жеке сөйлесуі.
Қажет болған жағдайда ата-аналарды әр педагогке жеке қосуға болады.
Сондай-ақ, педагогикалық консилиумге педагог-психолог, әлеуметтік педагог қатысады.
Педконсилиумдардың жұмысын директордың орынбасары үйлестіреді.