
2021 жылдың 5 мамырында "Оқуға құштар мектеп" жобасын жүзеге асыру аясында онлайн режимінде облыстық кітапханашылар форумы өтті. Форум білім беру ұйымдары кітапханаларының білім беру әлеуетін дамытуға, кітапханашылардың кәсіби шеберлігін арттыруға, жұмыс тәжірибесімен алмасуға бағытталған. Форум жұмысы барысында төрт пікірталас алаңы және дөңгелек үстел форматында пленарлық отырыс өткізілді. Қаламыздың бірінші пікірталас алаңында №15 мектеп-лицейінің кітапхана меңгерушісі Г.Т. Башарова "Отбасылық оқу дәстүрлерін жаңғыртудағы кітапхананың рөлі" тақырыбы бойынша сөз сөйледі. Гүлнар Тайкенқызы балқаштық кітапханашылардың жұмыс тәжірибесімен бөлісті, балаларды және олардың ата-аналарын оқуға тарту үшін мектептерде қандай жобалар мен іс-шаралар өткізіліп жатқанын айтты. Форум модераторлары біздің "Reading time" қалалық жобасын атап өтті. Пленарлық отырыста білім беру басқармасының басшысы Г.Ш. Қожахметова облыс кітапханашыларына олардың еңбегі мен мектеп оқушыларын тәрбиелеуге қосқан зор үлесі үшін алғыс айтып, 30 жылдан астам еңбек өтілі бар марапатталған кітапханашылардың тізімін оқып берді. Біздің қаламыздың атынан мектеп кітапханасында 38 жыл жұмыс өтілі бар №4ОМ кітапханашысы З. К. Белдебаева алғыс хатпен марапатталды.