
2021 жылдың 27 сәуірінде Балқаш қаласының білім бөлімінің инстаграм парақшасында AntikorLive жобасы аясында тікелей эфир өтті. Онда білім бөлімінің бас маманы аталған жоба бойынша атқарылған жұмыстар туралы ақпарат берді. Сондай-ақ, оқушыларға сыбайлас жемқорлықтың алдын алу шаралары туралы түсініктер берілді.