
Ағымдағы жылдың 26 сәуірінде Балқаш қаласының барлық білім беру ұйымдарында Чернобыль АЭС-індегі апаттың 35 жылдығына арналған сынып сағаттары, ақпараттық минуттар, бейнероликтер көрсетілді. Осы күні өткен іс-шараларда оқушыларға осы қорқынышты апат,жарылыстан кейін туындаған орасан зор экологиялық проблема, адамдардың жүрегіне әлі күнге дейін зақым келген зардаптар туралы ғана емес, Семейдегі ядролық полигонды жабу және әлемдегі ядролық қаруды жоюдағы еліміздің рөлі туралы айтылды.