облыстық дебат турнирі

облыстық дебат турнирі

Қарағанды облысы білім басқармасының "Сарыарқа дарыны" балаларға қосымша білім беретін облыстық ғылыми-практикалық орталығы 2021 жылдың 20-22 сәуір аралығында "Сарыарқа саңлағы" облыстық жастар жобасы аясында оқушылар арасында облыстық дебат турнирін ұйымдастырды. Турнир АПФ (Америка Парламенті) форматы бойынша ZOOM (Cloud Meetings) платформасында онлайн режимде өтті. Турнирге облыстық іріктеу кезеңдерінің жеңімпаздары 9 команда қатысты. Турнир қорытындысы бойынша Балқаш қаласының № 7 мектеп-гимназиясының "Сәкен жастары" командасы Балнұр Есенқызы, Әмина Кәрімхан оқушылары жеңімпаз атанып, I орынға ие болды. Құттықтаймыз!