Балаларды 1-сыныпқа қабылдауды ұйымдастыру

Балаларды 1-сыныпқа қабылдауды ұйымдастыру

Балқаш қаласында 1-сыныпқа құжаттар қабылдау электронды түрде үшінші жыл жүргізілуде. Ағымдағы жылы бірінші рет құжаттарды қабылдау 1 сәуірден басталып 1 тамызда аяқталады.
Бірінші сыныпқа алты жасар балалар мен ағымдағы жылдың күнтізбесінде алты жасқа толатын балалар қабылданады.
Ата-аналар өтініш беру үшін egov.kz электронды үкімет порталындағы жеке кабинетіне кіріп енгізу немесе e.bilimal.kz мемлекеттік қызмет порталына тіркелуі қажет.
Өтініш беру кезінде келесі құжаттарды қоса жүктеледі:
1. Ата-аналардың біреуінің (немесе оларды алмастыратын тұлғалардан) көрсетілетін қызметті алушының нақты тұрғылықты жерін көрсете отырып, оның заңды өкілінің ЭЦҚ қол қойылған электрондық құжат нысанындағы өтініші;
2. Денсаулық туралы электронды құжаттар № 063 / у нысаны,
№ 026 / у-3 нысаны;
3. 3х4 см болатын баланың сандық фотосуреті.


Көрсетілетін қызметті алушының «жеке кабинетіне» портал арқылы жүгінген кезде бір жұмыс күні ішінде баланың ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап білім беру ұйымына оқуға қабылданғаны туралы электрондық құжат түрінде хабарлама алынады. көрсетілетін қызметті берушінің уәкілетті тұлғасының электрондық цифрлық қолтаңбасы (бұдан әрі - ЭЦҚ) немесе дәлелді бас тарту.

Көрсетілетін қызметті алушы мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартының осы тармағында көзделген тізімге сәйкес құжаттардың толық емес пакетін және (немесе) жарамдылық мерзімі өткен құжаттарды ұсынған жағдайларда, көрсетілетін қызметті беруші өтінішті қабылдаудан бас тартады.
Тіркеу кезінде көрсетілетін қызметті беруші білім беру ұйымының қызмет көрсету аумағынан өтініш берген алғашқы үш қызмет алушыға ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап қабылдау туралы хабарлама жібереді, содан кейін - ағымдағы жылдың 1 қыркүйегінен бастап Бірінші тіркелгендер қатарынан білім беру ұйымының қызмет көрсету аймағынан емес 1 (бір) талапкер.
Бүгінгі таңда білім беру ұйымына 800-ден астам бала қабылданды..