қалалық «Үздік тәлімгер – 2021» байқауының ІІІ соңғы кезең

қалалық «Үздік тәлімгер – 2021» байқауының ІІІ соңғы кезең

2021 жылдың 14 сәуір күні «Оқушылар сарайы» КМҚК онлайн форматта қалалық «Үздік тәлімгер – 2021» байқауының ІІІ соңғы кезеңі өтті. Үшінші кезеңде қатысушылар визит карточкасы үлгісінде үй тапсырмасында өздерінің кәсіби қасиеттерін, жетістіктерін, шығармашылық қабілеттерін көрсетті.
«Педагогикалық жағдаят» кезеңінде қатысушылар белгілі бір жағдаят тапсырмасын сенімді орындап шықты.
Байқау қорытындысы бойынша:
І орын – Аманжолова Мадина (ЖББ № 4 мектеп)
Абдирбаева Гулнур (ЖББ № 16 мектеп)
ІІ орын – Исагужанова Әнел (№ 2 лицей)
Мадиева Луиза (№2 мектеп-интернат)
Қатысқаны үшін – Тәңірберген Айдана (ЖББ№3 мектеп), Алтынбек Ақнұр (№7 мектеп-гимназия), Толеубекова Макпал (ЖББ №5 мектеп)
Өткізілген байқау жалпы білім беру мектептерінде жұмыс істейтін аға тәлімгерлер өз ісін жетік білетін, ісіне берілгендіктерін көрсетті. Байқауға қатысушыларға педагогикалық қызметіне оқушыларымен өзара түсіністік және нәтижелі ынтымақтастықты тілейміз.