Бүгін, ү.ж. 9 сәуірінде ZOOM платформасында 10-11 сынып оқушылары мен №8 ОМ «Жас Сарбаз» кадеттеріне кәсіби бағыт бағдар беру шеңберінде ҚР Ұлттық ұланы 5451 әскери бөлімінің тәрбие және әлеуметтік - құқықтық жұмыс бөлімінің бастығы майор Мұратаев Қазыбек Халилуллаевичпен кездесу өтті, ол ҚР Ұлттық ұланы Әскери институтына түсу ережелері мен оқудың артықшылықтары туралы айтып түсіндірді. Кездесуге 130-дан астам оқушы қатысты.