6 сәуір 2021 жылы сағат 18.00-де «Адал көмек» жобасы аясында білім бөлімінің маманы мемлекеттік қызметтерді көрсету, құжаттарды қабылдау және 1-сыныпқа жазылу тәртібі және отбасылардың жекелеген санаттарына тегін тамақтану туралы, білім бөлімі Instagram парақшасында тікелей эфирде сұрақтарға жауап берді. Тікелей эфирге 50-ден астам адам қатысты.