Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында басталған "30 игі іс" облыстық жобасын Балқаш қаласының білім беру ұйымдары белсенді қабылдады. Жезқазған қаласынан қабылданған челлендж аясында біздің қаламыздың мектептерінде халықтың әлеуметтік осал топтарға көмек пен қолдау көрсетуге бағытталған бірқатар акциялар өткізілді, сондай-ақ жануарларға арналған "ЧиП" үйi қолдаусыз қалмады, құстарға арналған астаулар ілінді. Игі істер жалғасуы керек! Балқаш қаласының білім бөлімі челленджді Саран қаласына жолда