2021 жылдың 26 наурыз күні сағат 15.00-де ЗУМ платформасында 1-сыныпқа оқушыларды қабылдау барысында көрсетілетін мемлекеттік қызмет барысындағы оң өзгерістермен таныстыру семинары өтті. Семинарға Балқаш қалалық білім бөліміне қарасты жалпы білім беретін мектептердің басшыларының орынбасарлары, мемлекеттік қызмет көрсетуге жауапты тұлғалар қатысты. Семинар барысында 1-ші сыныпқа қабылдау үстіміздегі жылдың 1 сәуірінен бастап 1 тамыз аралығында жүргізілетіндігі және қабылдау кезінде ата-аналар қандай құжаттар даярлау керектігі туралы айтылды.