2021 жылдың 12 наурызында Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған "Тәуелсіздік кинолентасы" Облыстық білім беру киносының фестивалі онлайн режимінде өтті. Фестиваль Қарағанды облысы Білім басқармасының жоспары бойынша балаларға арналған "Сарыарқа дарыны" аймақтық ғылыми - практикалық қосымша білім беру орталығымен өткізілді. Ережеге сәйкес фестивальге келесі номинациялар бойынша жұмыстар қабылданды:
* Деректі (ойын емес) кино
* Ойын киносы
* STOP-MOTION-бейне
* Өткір әлеуметтік тақырыптық бағыттағы бейнеөнімдер
* Анимациялық кино
* Музыкалық клип
* Телевизиялық сюжет
* Киножурнал
* Үздік операторлық жұмыс.
Балқаш қаласының "Оқушылар сарайы" КМҚК "Стоп-кадр" студиясының тәрбиеленушісі Исабай Аида (№15 м/л) "Балқаш шаһарының тағылымды тарихы" деректі фильмі номинациясында өз жұмысын ұсынды. Оның қосымша білім беру педагогы Д.Т. Қалыбаевтың басшылығымен дайындалған жұмысы қазылар алқасы мүшелерінің жоғары бағасына ие болды. Автор мен жетекші I дәрежелі дипломмен және бағалы сыйлықпен марапатталды. Ал ең бастысы Исабай Аида Республикалық фестивальге қатысу құқығына ие болды.