2021 жылдың 3 наурыз күні Оқушылар сарайында Кеңес Одағының Батыры
Ә.Молдағұлованы еске алу күніне орай ұйымдастырылған қалалық «"Жас Сарбаз" әскери-спорттық клубтары» қыздары арасында пневматикалық винтовкадан ату жарысы өтті. Мақсаты: Оқушыларды Қазақстандық патриотизмге, Отан алдындағы борыш пен жауапкершілік сезімін тәрбиелеу. "Жас Сарбаз" клубының жас тәрбиеленушілерін Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері қатарында қызметке даярлау, әскери-қолданбалы спорт түрлері саласында оқ атудан бастапқы білімге баулу. Жарыстың шарты ПВ-дан ату. № 1 жаттығу, 3 ату және 10 сынақ, № 6 нысана, 10 метр қашықтық, атуға арналған позиция – шынтақтарын үстелге (тұғырға) тіреп тұрып ату болды. Жарысқа қала мектептерінің "Жас Сарбаз" әскери-спорттық клубтарының 15 команда қатысты.
Жарыс қорытындысы бойынша:
Жеке сынақ бойынша
І орын – Аманбек Аружан (ЖББ №16 ом)
ІІ орын – Сотникова Милана (ЖББ №1 ом)
ІІІ орын - Рахманова Алеся (ЖББ №10 ом)
Командалық есеп бойынша
І орын – ЖББ №10 ом
ІІ орын – №17 М/Л
ІІІ орын – ЖББ №16 ом марапатталды.