Математика пәнінен ашық сабақ өткізілді

Математика пәнінен ашық сабақ өткізілді

2021 жылдың 22 ақпанында ПШО тренерінің қатысуымен  ZOOM форматында 3 "А" сыныбында математика пәнінен «Жазбаша қалдықпен бөлу» тақырыбында   сабақ  өтті. Сабақты бастауыш сынып мұғалімі, педагог-сарапшы  Мажраева Рута Альдибаевна  жүргізді.

Мұғалімнің сабағы өте жоғары деңгейде өтті. Бұл сабақтың айрықша ерекшелігі оқытудағы жаңа тәсілдерді қолдану арқылы сын тұрғысынан ойлауды  дамыту стратегиялары арқылы негізгі мақсаттарды жүзеге асыру болып табылды. Сабақтың барлық кезеңдері нақты жоспарланған, мақсаттарға қол жеткізілді, бағалау объективті жүргізілді.

Сабақтың стилі достық, іскерлік ынтымақтастықтың шығармашылық атмосферасын құрады.Сабақтың барлық тапсырмалары жас ерекшеліктеріне сәйкес келді. Мұғалім сабақта әртүрлі жұмыс түрлерін қолданды: өзара тексеру, әңгіме, карталар бойынша сараланған жұмыс, шығармашылық жұмыс.

Сабақтың барлық кезеңдері нақты жоспарланған, мақсаттарға қол жеткізілді, бағалау объективті жүргізілді.