
2021 жылдың 19 ақпанында Қарағанды облысының білім департаменті "Қазақстан Республикасының Білім беру ісінің құрметті қызметкері", "Ыбырай Алтынсарин" төсбелгісінің иегері Ләззат Бәйішқызы атындағы дәстүрлі қазақ тілі мен әдебиеті пәні бойынша облыстық олимпиада өткізді.
Олимпиаданың мақсаты - қазақ тілі мен әдебиетінен дарынды оқушыларды анықтау, тілдік дағдыларды дамыту және қолдау.
Балқаш қаласының мектептерінен қатысқандар: Қапасова Аделя (Абай атындағы№2 мектеп-лицейі), Шаймаганбетова Диана (Ә.Бөкейханов атындағы№15 мектеп-лицейі), Есенова Балнұр (С. Сейфуллин атындағы№7 мектеп-гимназиясы). Олимпиада қорытындысы бойынша Баймағанбетова Диана, Ә. Бөкейханов атындағы№15 мектеп-лицейінің 10 сынып оқушысы ІІІ орын алды. Олимпиаданың барлық қатысушыларына сертификаттар берілді. Құттықтаймыз!