Бақытты мектеп - Бақытты бала

Бақытты мектеп - Бақытты бала

2021 жылғы 12 ақпанда Балқаш қаласында республикалық жоба аясында өзін-өзі тану пәнінен облыстық онлайн семинар өтті. Семинарға Қарағанды облысының 480 педагогы мен тәрбиешілері қатысты. Өзін – өзі тану бойынша республикалық жобаны іске асыруға № 4 ЖББМ, № 7 мектеп-гимназия, Қазақмыс политехникалық колледжіңі ұстаздары, "Бөбек" және "Таңшолпан" балабақшаларының тәрбиешілері қатысты.

Кездесудің мақсаты балабақша – Мектеп – колледж сабақтастығы аясында өзін – өзі тану пәнін жалпы білім беру пәндерімен интеграциялаудың негізгі идеялары, сондай-ақ рухани-адамгершілік тәрбие тұжырымдамасын еңгізу бойынша тәжірибе алмасу болды.

Қарағанды облысы ОӘО директорының мектепке дейінгі және жалпы орта білім беруді дамыту мен мазмұны жөніндегі орынбасары Г.С. Копбаеваның алғы сөзінде адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасының маңыздылығы атап өтілді. Семинар "Өзіңді үйрену өнері" панельдік дискуссиясын өткізуден басталды. Онда қала мектептерінің жұмыс тәжірибесі ұсынылды. Эстафетаны "Бөбек" және "Таңшолпан" балабақшалары қабылдады. Тыңдаушылардың назарына Денсаулық сақтау технологияларына негізделген жобалық қызмет ұсынылды. "Таңшолпан" балабақшасының әдіскері Садикова Е. А., № 4 ЖББМ дене шынықтыру мұғалімі А. В. Варкулевич балалардың қимыл-қозғалыс қабілеттері мен физикалық қасиеттерін дамыту үшін стандартқа сай емес жабдықтарды еңгізу туралы айтып берді. Қазақмыс политехникалық колледжінің психологы Ж.С. Садуакасова студент жастардың жалпыадамзаттық құндылықтарын қалыптастыру және дамыту мақсатында колледждің білім беру саласын жаңарту мәселелері бойынша атқарылған жұмыстарымен бөлісті.