
Ағымдағы жылдың 8-12 ақпан аралығында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қалалық кезеңі өтті. Олимпиаданы өткізу нысаны эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып онлайн режимінде өтті. Бұл кезеңде ауруға байланысты қаланың 9-11 сыныптар арасынан өтініш берген 330 оқушының орнына 318 оқушы қатысты. Комиссия қорытындысы бойынша жалпы білім беретін пәндер бойынша 38 Бірінші, 45 екінші, 63 үшінші орын анықталды. Жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың облыстық кезеңіне Балқаш қаласы мектептерінің 38 оқушысы қатысады.
Қалалық кезеңнің жүлдегерлерін құттықтаймыз және болашақ кезеңдерде сәттілік тілейміз!