
Жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық ғылыми жобалар конкурсы аяқталды. Биыл пандемияға байланысты конкурс алғаш рет онлайн форматта өтті.
Конкурстың республикалық кезеңіне қатысу үшін қатысушылар іріктеудің үш кезеңінен өтуі керек еді. Сол іріктеулерден Балқаш қаласынан «Дарын» республикалық ғылыми жобалар байқауының қорытынды кезеңіне Абай атындағы №2 мектеп-лицейі және №8 ЖББ мектеп оқушылары Мамырлан Назира (тақырыбы: «Үйкеліс күші»), Рысқұл Бекторы (тақырыбы: «Мобильді қосымшалардың өлшеу дәлдігін бағалау»), Бекмұрат Диас (тақырыбы: «Аэрошана модельдері») қатысып, Республикалық кезеңнің нәтижесі бойынша 3 оқушының 2 ғылыми жұмысы жеңімпаздар мен жүлдегерлер атанды. Бекмұрат Диас екінші орынға, Мамырлан Назира үшінші орынға ие болды. Олар Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің дипломдарымен және медальдарымен марапатталады. Рысқұл Бекторыға Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігінің мадақтамасы табысталады. Қорытынды кезеңнің барлық қатысушыларына электронды сертификаттар беріледі.
Құттықтаймыз!