Отбасы сағаты "Жасөспірім және Заң: ата-ананың жауапкершілігі аумағы" тақырыбы бойынша

Отбасы сағаты "Жасөспірім және Заң: ата-ананың жауапкершілігі аумағы" тақырыбы бойынша

Облыстық "Отбасы сағаты" жобасының тұжырымдамасы аясында "Балқаш қаласы №3 ЖББМ" КММ Instagram парақшасында "Жасөспірім және Заң: ата-ананың жауапкершілігі аумағы" тақырыбы бойынша тікелей эфир өтті. Жұмысқа кәмелетке толмағандар ісі жөніндегі учаскелік инспектор, полиция аға-лейтенанты Нұрбек Аян Алтайұлы, Балқаш қаласы бойынша ЖИТС орталығының дәрігер – эпидемиологы Батырбекова Айгүл Абдолдаевна қатысты.  Әңгіме барысында жасөспірімдердің құқық бұзушылықтары үшін ата-аналардың жауапкершілігі, әкімшілік және қылмыстық кодекстерден әдепсіз сөйлеу, тыныштықты бұзу, қоғамдық орындарда спирттік ішімдіктер мен темекі шегу, кәмелетке толмағандардың түнгі уақытта ата-анасының немесе заңды өкілдерінің еріп жүруінсіз болуы, телефон арқылы жалған қоңырау шалу, вандализм, бұзақылық, тонау, төбелес сияқты бағыттар бойынша баптар түсіндірілді. Әңгіме нашақорлықтың және ЖҚТБ/АҚТҚ-ның алдын алу туралы болды.