«Адал сессия» атты қалалық дебат турнирі өтті.

«Адал сессия» атты қалалық дебат турнирі өтті.

Жастарды шешендік өнерге баулу мен көпшілік алдында мәдениетті сөйлеу дағдыларын үйрету мақсатында қала мектептерінің оқушылары арасында 2021 жылдың 06 ақпан күні Балқаш қаласының «Қазақмыс» корпорациясының политехникалық колледжінің «Жұлдыз» дебат клубы және Оқушылар сарайының «Оратор» дебат клубымен бірлесе «Адал сессия» атты қалалық дебат турнирі өтті. Турнир ZOOM (Cloud Meetings) бағдарламасында АПФ, ЛД форматы бойынша өтті. Турнирге қала мектептерінің оқушылары арасынан құралған 10 команда қатысты.
Жарыстың алға қойып көтерген қарарлар тізімі мынадай: «БП Өзіне-өзі қол жұмсаған үшін ата-аналарын айптайды», «БП Онлайн тұрақты тәжірибеге айналдырады», «БП ТМД елдері бірыңғай тарихи оқулық қабылдауы тиіс д.е.», «БП дәстүрлі оқыту жүйесіне қарағанда, қашықтықтан оқыту тиімді деп санайды», «БП Борат кинофильмінің Қазақстанға берер зиянынан қарағанда пайдасы көп деп есептейді». Аталған қарарлар бойынша үкімет те, оппозицияда өз пікірлерін айтып, тақырыптарын аша алды.
Қорытынды бойынша:
1.Орын “Өркен” #8орта мектеп
2.Орын “Ұшқын” # 9 мектеп
3.Орын #16Мектеп “Жасқырандар”
3.Орын #25Орта мектеп “Болашақ”
“Үздік Спикер”- Төлеухан Адильхан (Болашақ) #25 орта мектеп марапатталды.