3 ақпаннан бастап кезекші сыныпта оқитын 2 сынып оқушылары да тегін тамақтанады. Күні кеше Балқаш мектептеріндегі 1 сыныптың 1230 оқушысы асханадан тегін ас ішті десек, енді олардың қатарын 2-сыныптың кезекші сыныбында білім алып жатқан 1071 бала толықтырады. Мемелекет қазынасынан ол үшін 198 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді. Айта кетейік, әр оқушы тамағына күн сайын 300 теңге қаражат жұмсалады.