
2021 жылыдың 26-28 қаңтарында бастауыш және орта буынды оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және танымдық қызығушылықтарын ынталандыру мен оларға қолдау таныту мақсатында «Дарын» республикалық ғылыми -практикалық орталығы оқушылардың зерттеу жобалары мен шығармашылық жұмыстарының XVI республикалық «Зерде» конкурсы өз мәресіне жетті. Қарағанды облысынан 18 оқушы 17 жоба республикалық кезеңге жолдама алды. Соның ішінен Балқаш қаласынан 5 оқушы 4 жоба қатысты. Олар №7 мектеп-гимназиясы, №17 мектеп-лицейі, №4 және №16 ЖББ мектеп оқушылары. Республикалық кезеңнің қорытындысы бойынша №16 ЖББ мектеп оқушылары (Артакшинов Нұрқанат, Сарқыт Ажар – топтық жұмыс) – ІІ орынға, №7 мектеп-гимназиясы (Танабаев Даниял) және №4 ЖББ мектеп оқушылары (Бержеминский Давид) – ІІІ орынға ие болды. Конкурс жеңімпаздары диплом және орынға тиесілі медальдарымен марапатталды. Сонымен қатар барлық қатысушыларға сертификат табысталды. Жеңімпаздар мен мектеп ұжымдарын жоғары деңгейдегі жетістіктерімен құттықтаймыз!