"XXI ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры" оқу сауаттылығы апталығының «Функционалды сауаттылық – тұлға қалыптастырудың жаңа жолы» атты ІІ күнінде Балқаш қаласының барлық білім мекемелерінде Ы.Алтынсариннің шығармалары бойынша сынақтар алынды

2021 жылдың 19 қаңтар күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастырған "XXI ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры" оқу сауаттылығы апталығының  «Функционалды сауаттылық – тұлға қалыптастырудың жаңа жолы» атты ІІ күнінде Балқаш қаласының барлық білім мекемелерінде Ы.Алтынсариннің шығармалары бойынша бестік диктант жазылып, оқу сауаттылығы бойынша тест жұмыстары алынып, 8-11 сыныптар аралығында эссе байқауы ұйымдастырылды. Оқушылардың ауызекі тілі мен жазбаша тілін дамыту, ойын жүйелі айтып, орамды сөйлеп, дұрыс жаза білуге бағытталған іс-шараларға оқушылар белсенділік танытып, өздеріне берілген шығармашылық еркіндікті кеңінен пайдалана алды. Сонымен қоса мектептің ішкі жоспарына сәйкес бірнеше іс-шаралар ұйымдастырылды. Іс-шаралардың барлығы ата-аналардың және қала құрметті азаматарымен онлайн кездесу арқылы өткізілді.