2021 жылдың 18 қаңтар күні Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Балқаш қаласы білім мекемелерінде "XXI ғасыр-сауатты ұрпақ ғасыры" оқу сауаттылығы апталығы басталды.Апталықтың алғашқы күні апталықтың ашылуы «ХХІ ғасыр – сауатты ұрпақ» саптық жиындарымен ашылып, офлайн және онлайн форматтарында "Біз-бақытты ұрпақпыз", «Мен – елімнің ертеңімін», «Жалынды жастар – жарқын болашақ» тақырыбында сынып сағаттары өткізіліп, челлендждер ұйымдастырылды. Сонымен қоса Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығы жоспары негізінде әр мектепте ішкі жоспар құрылып, сол жоспар бойынша іс-шаралар өткізілді. Қаламыздың құрметті азаматары және ардагерлерімен онлайн кездесіп, үлгі-өнеге, өсиет тыңдады. Апталыққа оқушылар, онлайн форматта өткен іс-шараларға ата-аналар қызығушылық танытты.