
бойынша ақпарат
Еліміздің мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді таңдау процесі маңызды мемлекеттік мәселе болып табылады. Сондықтан бұл процеске Қазақстан Республикасының Білім министрлігі мен Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы тарапынан ерекше назар аударылады. Бұл жұмыстың мақсаты мұғалімдерге белсенді танымдық іс-әрекетті және оқу мақсатына жетуді қамтамасыз ететін оқулық пен ОӘК таңдауға мүмкіндік беру болып табылады. Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитеті Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы «Мемлекеттік білім беру ұйымдары педагогтерінің оқулықтар мен ОӘК таңдау қағидаларын бекіту туралы» (ҚР Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 9 желтоқсандағы № 491 бұйрығына) сәйкес ETANDAU.GOV.KZ электрондық платформасы арқылы ағымдағы жылы 4-сыныпқа арналған «Қазақ тілі» (оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), «Русский язык» (оқыту орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), «Математика» (оқыту қазақ және орыс тілінде жүргізілетін сыныптар үшін), «Дүниетану/ Познание мира», «Әдебиеттік оқу/ Литературное чтение» оқулықтарына таңдау жүргізіледі.
Осыған орай, 2026 жылдың 12 ақпан күні өңірлерге қосымшада берілген кесте аясында баспалармен бірлесе отырып, Балқаш қаласы білім беру ұйымдарының педагогтеріне, әдістемелік бірлестіктердің басшылары мен кітапханашыларға арналған «Жаңа оқу жылындағы мектеп оқулықтары» онлайн (ZOOM) көрмесі ұйымдастырылды. ETANDAU.GOV.KZ электронды платформасын қолдану қызметінің алгоритмі арқылы жұмыстар жалғасын табады.