
📆27.01.2026 ж. күні Абай атындағы №2 мектеп-лицейінің базасында жалпы білім беретін пәндер бойынша 7-8 сынып оқушыларына арналған Республикалық олимпиаданың үшінші (облыстық) кезеңіне өткен оқушылармен және олардың пән мұғалімдерімен кездесу өтті. Қалалық білім бөлімінің басшысының міндетін атқарушы Мағза Берлібек Балтабекұлы облыстық олимпиадаға өткен әр оқушыдан олимпиадаға дайындық барысымен танысып, бағыт-бағдар берді, оқушыларға және пән мұғалімдеріне сәттілік тіледі. Кездесу барысында білім бөлімінің әдіскері Шармуханбетова Ж.А. олимпиада ережесімен таныстырды.