
📍Astana FIRST Qualifier 2026 робототехника жарысы 2026 жылдың 24–25 қаңтарында Назарбаев Университетінің базасында өтті.
Республикалық деңгейде ұйымдастырылған бұл ауқымды байқауға еліміздің түкпір-түкпірінен 70-ке жуық команда қатысып, инженерлік ойлау, бағдарламалау және командалық жұмыс дағдыларын жоғары деңгейде көрсетті.🎊
Аталған жарыс оқушыларға арналған FIRST®️ бағдарламасы аясында ұйымдастырылып, жасөспірімдердің робототехника саласындағы шығармашылық, техникалық және зерттеушілік қабілеттерін дамытуға бағытталды. 🤖
Бұл беделді жарыста №12 жалпы білім беретін мектебінің (№12 ЖОББМ) оқушылары жоғары нәтижелерге қол жеткізді:
🔹 FLL EXPLORE командасы – “Brightest Presentation Award” номинациясын иеленді;🏆
🔹 FLL CHALLENGE командасы – “Motivate Award” марапатына ие болды.🏆
🔷Аталған жетістіктер – оқушылардың табанды еңбегінің, шығармашылық ізденісінің, командалық рухының және робототехника саласындағы жүйелі дайындығының айқын көрінісі.
№12 ЖОББМ оқушылары мен жетекшілерін лайықты жеңістерімен шын жүректен құттықтаймыз! 🎉 🤖
Алдағы жарыстарда да биік белестерді бағындырып, еліміздің абыройын асқақтата берулеріңізге тілектеспіз!💐🎊🎊🎊